27 Сәуір, 2021

Алматыдағы құрылыс алаңында 19 жастағы жігіт қаза тапты

670 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлеуметтік желілердің бірінде Алматыдағы құрылыс алаңында 19 жастағы жігіттің қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады. Кейін мұны қалалық полиция растады, деп хабарлайды Egemen.kz

Алматыдағы құрылыс алаңында 19 жастағы жігіт қаза тапты

Құрылыс алаңындағы өлім туралы Нұрмақов-Қабанбай батыр көшесіндегі құрылысқа шағымданып жүрген «За комфортный город» Instagram парақшасының авторы жазды.

«Құрылыс алаңында 19 жастағы жас жігіттің қаза болғаны өкінішті. Біз олардың құрылысы тәртіпбұзушылыққа толы екенін бұған дейін де жаздық.

Қарлы ауа райында дәнекерлеу жұмыстарын жүргізді. Қабанбай батыр көшесіне(бұрынғы Калинин) бетон төкті, сосын барлық көлік бетон болды. Жолаушылардың төбесіндегі трактор да, ойын алаңындағы жебелер, бетонды да таңғы төртке дейін құйғанды ұнатады.

Тағы не болуы керек, айтыңыздаршы? Неге рейдтер тек барлар мен мейрамханаларға жасалады. Құрылыс алаңдары ше? Енді біреудің ұлы үйіне оралмайды», делінген жазбада.

Алматы полиция департаменті жігіттің өліміне қатысты ҚК-нің 156-бабы «Еңбекті қорғау ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады.

«Аталған факт бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасы тексеру жүргізіп жатыр, оның нәтижелері бойынша іске процестік шешім қабылданады. Медициналық сараптама да тағайындалды», деп хабарлады Алматы полиция департаменті өкілдері.

Еске салайық, бұған дейін аталған құрылыс алаңында «ұшып жүрген» трактордың суреті жарияланған болатын.