ДСҰ шешімімен 24-30 сәуір аралығында дүниежүзілік иммунизация апталығы өткізіліп жатыр. «Вакцина адамзатты біріктіреді» деген ұранды ту еткен апталықтың маңыздылығы COVID-19-дың әлемді шырмауынан босатпай тұрған тұсында одан әрі айқындала түседі.

Адамзат дамуының соңғы 200 жылында вакцинация түрлі жұқпалы аурудың алдын алып, бір кездері халықты қынадай қырған оба, шешек сынды індеттерді келмеске жіберген. Содан бері бұл сала үнемі ізденіс үстінде, үнемі ауруға қарсы екпе жасауда алға қарай жылжумен келеді. Өткен ғасырда қызылшаға, полиомиелитке, дифтерия т.б. ауруларға екпе егу енгізілгенше қаншама сәби көктей солды десеңізші. Соңғы 30 жылдың ішінде ғана балалар өлімінің дүниежүзінде 50 пайызға азаюының артында вакцинациялаудың оң әсері барлығы анық. Бүгінде екпе арқылы адам баласы 20-ға тарта түрлі жұқпалы аурудың алдын алады. Оның ішінде пневмония, рак, Эбола дерті сынды күрделі аурулар да бар. Саладағы ғалымдардың ізденісі күні кеше аса қауіпті саналатын жатыр мойыны қатерлі ісігінің алдын алуға болатынын көрсетті. Бүгінде әлемнің көптеген елдері жасөспірім қыздарды, кейбір елдерде ұлдарды да оны тудыратын папиллома вирусына қарсы егуді жүргізуде.
Біздің елімізде вакцинация жасау бала дүние есігін ашқаннан бастап тегін көрсетіледі. Ал көптеген мемлекеттерде оған қолжеткізу оңай емес. Мемлекеттің сатып алып тұрғындарына тегін салуға мүмкіндігі жоқтығынан мұндай елдерде оны қалтасы көтеретін байлар ғана жасатады. Соның салдарынан кедей мемлекеттердің халқын тегін вакцинациядан жүйелі түрде өткізуі құр қиял, бос арман ретінде қалып отыр.
Жаңа заманда, әлемді пандемия құрсап тұрғанда вакцинациялау тақырыбы күн тәртібінде алдыңғы қатарға шыққан. Адамзат баласы COVID-19 –ға қарсы күреске жұмылғанда әлемдегі алдыңғы қатарлы озық ойлы ғалымдар оған қарсы вакцинаның сан түрін жасауға кірісті. Бүгінде оның қарапайым екпе түрлерімен қатар, мұрынға тамызатын тамшы, спрей түріндегі, тіпті айран, иогурт тәрізділерін де шығару қолға алынуда. Ақпарат алмасып, тәж ілмегін залалсыздандыру жер шарындағы ғалымдар түгіл планета тұрғындарын біріктіріп жібергендей. Өзімізді және жақындарымызды қайтсек сақтаймыз деп көптеген дүниелерден – көңілді басқосулардан, ағайын-туыспен араласудан шектелдік, кино, театр, ойын-сауық орталығынан қашық жүретін болдық, кездескенде құшақтасып амандаудан тартынамыз, жинала қалып мейрамхана, дәмханаларға барып ас ішуді де ұмыта бастағандаймыз. Вакцинациядан өту біздерді бұрынғы қалыпты тіршілікке оралуымызға жол ашады. Арнайы екпе алып, COVID-19-ға антидене түзілдіріп, соның арқасында қоғамдық иммунитетке де жететін күн жақындап келеді.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы пандемия біріктірген адамзат баласы тек кешегі мен бүгінгі жұқпалы ауруларға ғана емес болашақта да ықтимал қатерлерге қарсы қалай бірігіп, жұмылудың қаншалықты пайдалы болатынын көрсетуде деп апталыққа мән беріп отыр. Бұл ретте халқымыздың «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дейтін даналығы да еске түседі. Адамзат пандемиямен жұмыла күресуде. Шынында да вакцинация біріктіре түскендей.
Коронавирус • Бүгін, 09:13
Юлия Путинцева Торонто турнирінің ширек финалына шықты
Теннис • Бүгін, 09:08
Бір күнде 1643 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Бүгін, 09:00
Теннис • Бүгін, 08:45
Футбол • Бүгін, 08:40
Спорт • Бүгін, 08:37
Шілде айындағы үздіктер анықталды
Футбол • Бүгін, 08:35
Шахматшылардың тарихи жетістігі
Спорт • Бүгін, 08:34
«Алтын тай» Аягөздің еншісінде
Аймақтар • Бүгін, 08:32
Орақ науқанына дайындық ойдағыдай
Аймақтар • Бүгін, 08:30
Курчатовта медицина мамандары тапшы
Аймақтар • Бүгін, 08:28
Оныншы қабаттан құлаған баланы қағып алған
Қоғам • Бүгін, 08:25
Халықтан ақша жинау заңмен реттеледі
Қоғам • Бүгін, 08:22
Сақтандыру нарығында көрсеткіштер өскен
Экономика • Бүгін, 08:20
Әуежайдағы жарылыстың себебі белгісіз
Әлем • Бүгін, 08:18
Солтүстікке көшіп келушілердің жағдайымен танысты
Аймақтар • Бүгін, 08:15
Режиссерлерге тең мүмкіндік берілуге тиіс
Кино • Кеше
Шабындық... бірде көл, бірде шөл
Аймақтар • Кеше
Шымкенттік «Илон Маск» тұңғыш қазақстандық электрмобильді құрастырды
Технология • Кеше
Ватикан басшысы Қазақстанға келеді
Қазақстан • Кеше
Әлем • Кеше
Қазақстан бақылауына өтуі мүмкін
Экономика • Кеше
Ұлттық қор – ұрпақ игілігі десек...
Қоғам • Кеше
Қоғам • Кеше
15 мыңға жуық оқушы жаңа мектепке барады
Білім • Кеше
Жылыту маусымына дайындық алаңдатады
Аймақтар • Кеше
Тарих • Кеше
Ескі кесел: Эпилепсияға операция жасауға бола ма?
Медицина • Кеше
Былтырғыдай шөп тапшылығы болмайды
Аймақтар • Кеше
Сартүбек сапары Торғай тойға дайындалып жатыр
Ахмет Байтұрсынұлы • Кеше
Әдебиет • Кеше
Мажарстан астанасында «Ахмет Байтұрсынұлы және Алаш» жинағы жарық көрді
Ахмет Байтұрсынұлы • Кеше
Әуезовтің Шыңжаңдағы шәкірттері
Әдебиет • Кеше
Оңалту құралдарын портал арқылы алдыруға болады
Қоғам • Кеше
Чемпиондық жолындағы «тар жол, тайғақ кешу»
Бокс • Кеше
Аймақтар • Кеше
Абайтануға арналған интеллектуалдық алаң
Абай • Кеше
Ұқсас жаңалықтар