Әлемде COVID-19 ауруы мен өлім-жітімі бойынша жағдай шиеленісе түсуде. Бүгінгі таңда әлемде КВИ-дің 148 млн-нан астам жағдайы тіркелген, тәулігіне 600 мыңнан астам жағдай тіркелуде. 3 млн астам адам қайтыс болды, өлім-жітім көрсеткіші 2,1% құрады.
221 елдің әлемдік рейтингіне сәйкес, Қазақстан сырқаттанушылық көрсеткіші бойынша 108-орында, ал өлім-жітім көрсеткіші бойынша 107-орында тұр.
Денсаулық сақтау министрі хабарлағандай, Қазақстанда 27 сәуірдегі жағдай бойынша COVID-19 оң нәтижесімен 311 400 науқас және КВИ- жағдайымен 52 471 науқас тіркелген.
Жоғары эпидемиологиялық тәуекел аймағында 10 өңір бар: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау және Павлодар облыстары.
Бүгінгі таңда орта эпидемиологиялық тәуекел аймағында 5 өңір бар: Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Алматы, Қостанай облыстары және Шымкент қаласы.
«Жасыл аймақта» 2 өңір бар: Түркістан, Солтүстік Қазақстан облыстары.
«Сырқаттанушылықтың апта сайынғы динамикасы өсу қарқынының наурыз айының соңындағы 46%-дан өткен аптадағы 8%-ға дейін төмендеуімен сипатталады. Соңғы аптада өлім-жітімнің өсуі алдыңғы аптаға қарағанда 30%-дан 8%-ға дейін төмендеді. Өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, өңірлер шектеу шараларын түзетуді және қабылдауды жалғастыруда», деді А. Цой.
Өңірдегі әрбір медициналық ұйымының деңгейіне дейін төсек-орын қорының жүктемесіне мониторинг жүргізудің электрондық жүйесіне сәйкес, ағымдағы жылғы 27 сәуірдегі жағдай бойынша республика бойынша инфекциялық төсек-орындардың бос болмауы 41%, реанимациялық төсек-орындардың бос болмауы 28% құрайды.
Инфекциялық төсек-орындардың ең көп бос болмауы Қызылорда облысында — 58%, Алматы қаласында — 57%, Алматы облысында — 57%, Нұр-Сұлтан қаласында — 56% байқалды.
«Шамамен 62 мың төсек-орындық резервтік төсек-орын қоры құрылды, оның 9 700-і тек инфекциялық төсек-орын. Бүгінгі таңда резервтік қор 26 189 төсек-орынды құрайды, Ақтөбе, Қостанай облыстары мен Шымкент қаласын қоспағанда, барлық өңірлердегі инфекциялық стационарлар, көпбейінді ауруханалардың бөлімшелері жұмылдырылған. Реанимациялық төсек-орындардың ең көп бос болмауы Батыс Қазақстан облысында — 57%, Алматы қаласында — 55% және Нұр-Сұлтан қаласында — 54% байқалды», деді ведомство басшысы.
Денсаулық сақтау министрі атап өткендей, бүгінгі таңда ҚР азаматтарын вакциналау екі вакцина — «Спутник V» және «QazCovid-in» вакциналары арқылы жүзеге асырылады.
«Қазақстан COVID-19 вакцинасын әлемдік өндірушілердің 10-на кіргенін атап өткім келеді. 177 елдің әлемдік рейтингіне сәйкес Қазақстан коронавирус аймағына қарсы вакцинацияланғандардың саны бойынша 52-орында тұр. Вакцинаны жеткізу кестеге сәйкес кезең-кезеңмен жүзеге асырылады, бұл сәуір айында вакциналауға жататын халықтың 20%-на вакцинаның қолжетімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», деді А. Цой.
«Атамекен» ҰКП, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, шектеу шаралары мен бизнес жұмысы арасындағы теңгерімді қамтамасыз ету мақсатында 2021 жылғы қаңтарда Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды қалаларында «Ashyq» мобильді қосымшасын енгізу бойынша пилотты іске асыру басталды. 26 сәуірден бастап жоба бүкіл ел бойынша қолданыла бастады.
«Қазіргі таңда «Ashyq» келесі кәсіпкерлік нысандарында жүзеге асырылуда: фитнес-клубтар, спа-орталықтар, бассейндер, боулинг, бильярд және компьютер клубтары, кинотеатрлар, театрлар, концерт залдары, қоғамдық тамақтану объектілері, облысаралық және қалалық жүйесіз (туристік) тасымалдар. Сондай-ақ, қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және COVID-19 таралуын азайту үшін «Ashyq» мобильді қосымшасын орнатуды көздейтін жекелеген қызмет салаларының «Ashyq»-қа жеңілдіктерсіз, ерікті түрде қатысу қарастырылған», деді А. Цой.
«Ashyq» қатысушылары үшін оқыту бейнероликтері, объектілерге QR-кодтарды беру алгоритмі әзірленді. Жобаға жосықсыз қатысушылардың ықтимал қосылу тәуекелдерін ескере отырып, оларды алып тастау критерийлері анықталды.
«Қабылданып жатқан шаралар кәсіпкерлік және (немесе) өзге де қызмет объектілерінің қызметін реттеуге, адамдар көп жиналатын орындар бойынша шектеуге бағытталған. 27 сәуірдегі жағдай бойынша жобаға қатысушылардың жалпы саны 1658 құрады, қосымшаны пайдаланушылар саны 378 мыңнан асады», деді А. Цой.
Барлық өңірлерде шектеу шаралары эпидемиологиялық жағдайды (жоғары, орташа және төмен тәуекел аймақтары) ескере отырып, сараланған түрде қабылданады, ол үшін «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп қабылданған әлеуметтік-экономикалық объектілер қызметінің критерийлері қолданылады. Қазіргі уақытта қолданыстағы критерийлер «Ashyq» жобасы шеңберінде жұмыс істейтін объектілер үшін бейімделуде.
Алматы облысының әкімі Амандық Баталов соңғы аптада коронавируспен ауыратындардың өсу қарқыны 1,2% құрағанын, тәулігіне 264 жағдай тіркелгенін айтты. Аурудың өсуі ауруды жұқтырғандармен қарым-қатынаста болған адамдарды тексеру есебінен анықталуда. Облыста барлығы 20 490 КВИ жағдайы тіркелді.
«Бір апта ішінде инфекциялық бөлімшелерге емдеуге жатқызылғандар санының 1,7 есеге төмендеу үрдісі байқалады. Бүгінгі таңда инфекциялық стационардың жүктемесі 57%, реанимациялық төсек-орындардың жүктемесі 13% құрайды. Бір тәулік ішінде 195 адам ауруханаға жатқызылса, 203 адам емделіп шықты. Ковид-ке қарсы күрес бойынша басқа да қабылданған шаралармен қатар, алгоритмге сәйкес облыста халықты вакцинациялау бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде», деді А. Баталов.
Өңірде 239 егу пункті, оның ішінде 80 жылжымалы пункт ашылды (63 мобильді бригада, 17 жылжымалы медициналық кешен). Вакциналаудың күнделікті және айлық кестелері жасалды. Жылжымалы вакциналау пункттері шалғай елді мекендерде, сауда үйлерінде, қоғамдық орындарда жұмыс істейді. Еңбек ұжымдарын вакциналау үшін мобильді бригадалар ұйымдастырылды.
Бүгінгі күні 147 мың доза вакцина алынды, 129,3 мың адам егілді. Ай соңына дейін вакцинаның қосымша 70 мың дозасы жеткізіледі деп күтілуде. Барлығы 1,1 млн адамды вакциналаумен қамту жоспарланып отыр.
Өз кезегінде Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек пандемия басталғаннан бері өңірде 22 486 жағдай тіркелгенін жеткізді.
Қазіргі уақытта Қарағанды облысы эпидемиологиялық жағдайдың дамуы бойынша қызыл аймаққа кіреді. Репродуктивті саны 1,071 құрайды. Бүгінгі таңда стационарларда 1 498 науқас ем алуда. Ауруханалардағы төсек-орындар жүктемесі – 34,7%.
«Вирус жұқтырғандардың басым көпшілігі облыс орталығында тіркелгендіктен, қуатын 1 654 орынға дейін ұлғайта отырып, бұрын консервацияланған госпитальдарды іске қостық. Бұған қоса, 500 төсек-орын резервте тұр», деді Ж. Қасымбек.
Облыста коронавирусқа қарсы вакциналау науқаны жалғасуда. Арнайы тоңазытқыш жабдықтарымен жарақталған 115 егу кабинеті ашылды, олардың қабылдау мүмкіндігі күніне 8 050 адамды құрайды.
«Вакцинаны өңірлерге жеткізу логистикасы пысықталды. Вакцинаны қысқа қашықтыққа тасымалдау үшін 115 термоконтейнер сатып алынды, алыс қалалар мен аудандарға вакцина суық тізбекті сақтай отырып, рефрижераторларда жеткізіледі. Қазір облыс вакциналау бойынша жобалық қуатына шықты. Бүгінгі таңда вакцинаның бірінші компонентін 94 630 адам, екінші компонентін 10 873 адам алды. Сәуір айында барлығы 171 800 доза вакцина жеткізілді», деді Қарағанды облысының әкімі.
Тұрғындарға E-gov және Damumed жеке кабинеті арқылы вакциналауға жазылу қолжетімді. Тұрғындар үшін барынша ыңғайлы вакциналау науқанын өткізу қажеттілігін ескере отырып, ірі сауда орталықтарында егу кабинеттері ашылды. Зейнеткерлерді вакциналауды көшпелі мобильді бригадалар үйге барып жүргізеді.
Сонымен қатар облыстың өнеркәсіп кәсіпорындарының қызметкерлерін қамту бойынша жоспар құрылды. Кәсіпорындардың медициналық пункттерін қолдана отырып, көшпелі бригадалар вакциналау жүргізеді.
Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев пандемия басталғаннан бері өңірде КВИ ауруының тіркелген жағдайы 17 867 адамды құрағанын хабарлады. 16404 адам немесе 92% емделіп шықты.
«Бүгінгі күні кереует қоры 1 643 орынға дейін ұлғайтылды. Барлық орындар оттегімен қамтамасыз етілді, реанимациялық орындардың жабдықталуы 100% құрайды. Халықты коронавирус инфекциясынан вакциналау жұмысы жалғасуда. 87 егу пункті, 11 жылжымалы медициналық кешен жұмыс істейді», деді Е. Маржықпаев.
Халық жаппай жиналатын ірі сауда-ойын-сауық орталықтарында, орталық мешітте, халыққа қызмет көрсету орталықтарында қосымша егу пункттері ашылды.
«Спутник V» вакцинасының бірінші компоненті 24,5 мың адамға, екіншісі компоненті 6 690 адамға егілді. Вакцинаны сақтау үшін медицина ұйымдарында 53 мұздатқыш камерасы, 340 термоконтейнер, 33 сөмке-мұздатқыш, 1 690 хладоэлемент бар.
Өңірде әлі де болса қатаң шектеу шаралары қолданылады. Соңғы аптада мониторинг топтарымен 219 тексеру рейді өткізілді, мониторингпен 1 017 объект қамтылды, карантин шараларын бұзудың 19 фактісі анықталды, 17 әкімшілік айыппұл салынды.
«Ashyq» қосымшасын енгізу жұмысы жүргізілуде. «Ashyq» жобасының әлеуетті қатысушыларынан 37 өтінім келіп түсті, 27 QR-код берілді. Дәрілік заттардың 2 айлық қоры құрылды. Денсаулық сақтау ұйымдары жеке қорғану заттарымен толық көлемде қамтамасыз етілді. Сұранысқа ие болатын дәрілік заттарды қосымша сатып алу үшін тұрақтандыру қорында 500 млн теңге қарастырылды.