Футбол • 27 Сәуір, 2021

Қазақстан – Түркия ойыны кейінге шегерілді

330 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2023 жылғы Еуропа чемпионатының (U-21) іріктеу турнирі аясында өтуі тиіс матч короновирусқа байланысты кейінге шегерілді, деп хабарлайды Egemen.kz ҚФФ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан – Түркия ойыны кейінге шегерілді

Қазақстан жастар құрамасы 8-ші маусым күні Ақтөбе қаласында Түркия жастарымен кездесуі тиіс болған. Алайда, Түркия тарапы бұл ойынды кейінге шегеруді сұрады.

Коронавирус індетінің Түркияда күшейіп кетуі бұл ойынға кедергісін келтіріп тұр. Сондықтан да, УЕФА бұл матчты 12-ші қазан күніне шегерді. 

Айта кетуіміз керек, Қазақстан жастар құрамасы алғашқы ойынын 4 маусым күні Ақтөбе қаласында Бельгия жастарына қарсы өткізеді.