Руханият • 28 Сәуір, 2021

Үлгі болар игі іс

336 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өзгеге қамқор болудың өмір­шең өнегесі аз ғана іс­тен атойлап көрініп тұ­ра­ры бар. Державинск қала­сындағы «Городок» дүке­нінің иесі Татьяна Гай­дукова әдемі мысал жа­йын­да сүйсіне отырып әңгі­ме­леп берді.

Үлгі болар игі іс

Қала тұрғыны Тәжібек Нұрсейіт әрбір жұма күні аталған дүкенге келіп, сөреде тұрған нанның белгілі бір бөлігінің құнын төлеп кетеді екен. Дүкеншілер ақшасы төленген әлгі нанды тұ­ты­нушыларға тегін таратады. Ал олар болса белгісіз жомартқа ақ алғыстарын жаудырады. Бұл арада қала тұрғындары нанға зәру болып отыр деген ой тумаса керек. Қай-қайсысының болсын дастарқандарына адал ас қоятын шамасы бар. Халықтың көңілін толқытып отырған жай – жомарт жанның ізгі әрекеті.

Ол осы әдемі әдетін әр аптада бір рет жасайды екен. Ораза басталғалы дүкен сөрелеріндегі нанның барлығын сатып алатын болыпты. Жақсылықтан құлағдар болған адамдар бұл күнді «тегін нан күні» деп атай бастапты. Шынында да өзгелерге өнеге болатын-ақ жай емес пе?

Жомарт жанды іздеп таптық. Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтаарал ауданының тумасы. Шымкент қаласындағы медицина колледжін тәмамдағаннан кейін Жарқайың аудандық ауру­ха­насының хирургия бөлі­мін­де қызмет істейді. Негізгі жұмысы арқылы адам тәнін емдесе, жомарттығымен жерлестерінің жанына қуат беріп жүр.

 

Ақмола облысы,

Жарқайың ауданы

Соңғы жаңалықтар