Теннис • 28 Сәуір, 2021

Мысырдағы турнирде жеңімпаз атанды

159 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық теннисші Григорий Ломакин Мысыр астанасы – Каирде өткен ITF Men M15 Cairo турнирінің жұптық сынында бас жүлдені жеңіп алды.

Мысырдағы турнирде жеңімпаз атанды

Қазақстан теннис федерациясының мәліметі бойынша, 23 жастағы теміртаулық спортшы жүлде қоры 15 мың АҚШ долларын құраған додаға Қазақстан құрамасынан жалғыз өзі қатысқан. Жарыста 25 жастағы германиялық спортшы Кай Вехнельтпен жұп құрап өнер көрсеткен жерлесіміз барлық кездесуін жеңіспен аяқтаған. Қазақстандық-германиялық жұп финалда аргентиналық Хуан Игнасио Гапарсу мен Хуан Пабло Пас­тан екі сетте 6:4, 6:2 есебімен басым түсіп, халықаралық жарыста топ жарып отыр.

Г.Ломакин мен К.Вехнельт іріктеу кезе­ңінде италиялық Даниэли Капеччи мен Фран­ческо Пассароны үш сетте 3:6, 6:3, 10:5 есебімен жеңіп жарыс жолынан ығыс­тырса, ширек финалда жапониялық спортшылар Шохей Чиками мен Римпей Кава­камиді екі сетте 6:2, 7:6 және жартылай финалда америкалық Оливер Кроуфорд пен германиялық Бенедикті үш сетте 3:6, 6:3, 10:8 нәтижесімен тізе бүктірді.