Оқиға • 28 Сәуір, 2021

Олимпиада жолдамасынан қағылды

99 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Семсерлесу спортынан Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан Азия іріктеу турнирінде қазақстандық спортшы Ульяна Балаганская жарыстың күміс жүлдесіне ие болды.

Олимпиада жолдамасынан қағылды

Олимпия ойындарының жолдамасы сарапқа салынып жатқан құрлықтық іріктеу додасында У.Балаганская финалда сингапурлық қарсыласы Абдул Рахман Кириядан 15:13 есебімен жеңіліп, Олим­пиада жолдамасынан тыс қалды. Себебі Токио Олимпиадасының жолдамасы тек Азия іріктеу турнирінде жеңімпаз атан­ған спортшыларға ғана беріледі. Осы­лайша, жерлесіміз қолда тұрған алтын жүлдемен бірге, Олимпиада жолдамасынан да қағылды.

Айта кетейік, қазіргі таңда Қазақстан құрамасының еншісінде барлық спорт түрі бойынша Токио Олимпиадасының 48 жолдамасы бар.