Болжамға сәйкес, атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен республиканың кей бөлігінде жауын-шашын болып, жел күшейеді. Елдің орталығында, шығысында және оңтүстік-шығысында қатты жаңбырдың соңы бұршаққа ұласып, найзағай ойнауы мүмкін.
«Сондай-ақ Скандинавия аудандарынан антициклонның келуімен Қазақстан аумағында ауа температурасы төмендейді. Солтүстік өңірлерде түнде 3 градусқа дейін төмендеп, үсік жүреді, күндіз 10-15 градус болады.
Ал оңтүстік өңірлерде түнде 7-15 градус, күндіз 18-28 градусқа дейін жылы болады», делінген хабарламада.