Қазақстан • 28 Сәуір, 2021

Қазақстан «электрондық үкімет» жүйесін дамыту бойынша ТМД-ның көшбасшысы

454 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жаилғанова өзінің «Twitter» әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстан «электрондық үкімет» жүйесін дамыту бойынша  ТМД-ның көшбасшысы

«Қазақстан 2020 жылы «электрондық үкіметті» дамыту көрсеткіштері бойынша БҰҰ рейтингінде (UN Global E-Government Development Index) 193 елдің ішінде 29 - орынды, ал ТМД елдері арасындағы рейтингте 1-орынды иеленді» деп жазды Анар Жаилғанова.

Сондай-ақ, Агенттік төрағасы қазіргі уақытта мемлекеттік қызметтер тізімінде 686 қызметтің 94,4% -ы (648) электрондық форматқа көшірілгені туралы айтты.