Қоғам • 28 Сәуір, 2021

Елбасы: Тіл – барлығымызды біріктіреді

57 рет көрсетілді

Нұр-Сұлтанда Қазақстанның Тұңғыш Президенті-Елбасы, ҚХА Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті-Елбасы, ҚХА Төрағасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы барысында тіл мәселесіне тоқталды.

«Тіл – барлығымызды біріктіреді. Бұл әлемнің барлық елдеріндегі шынайы процесс. Бізде де солай. Бүгінде елімізде қазақ этносы 70%-ды құрайды.  Қазақ тілін білуге, түсінуге деген ұмтылыс өте жақсы. Біз тіл үйренемін дегендерге кез келген жерде қолдау көрсетуіміз керек. Ассамблея бұл жерде маңызды рөл атқарады. Әрбір облыстағы әр ғимарат, әр мекемеде бұл процесс жүріп те жатыр», деді ол.

Елбасы бірқатар жастың Ассамблеяның арқасында өмірге жаңа жолдама алғанын айтты. Нұрсұлтан Назарбаев олардың мемлекеттік тілді үйренуіне дәл осы Ассамблея себеп болғанын жеткізді.

«Максим Споткай, Ирина Тен, Максим Рожин, Наталья Деменьтева... Қазір олардың барлығын тізіп шығу мүмкін емес, бұл азаматтардың барлығы бүгінде жауапты қызмет атқарып келеді. Осы азаматтардың әлеуметтік желілеріндегі жеке парақшаларына кірсеңіз де, қазақ халқының оларды қалай жақсы көретінін байқайсыздар», деді Елбасы.

Соңғы жаңалықтар

Бір облыс «қызыл» аймақта тұр

Коронавирус • Бүгін, 09:32

Қазақстанда қанша адам вакцина алды

Коронавирус • Бүгін, 09:10

Бүгін – Тұңғыш Президент күні

Қазақстан • Бүгін, 09:04

Ұлы дала мұралары

Елорда • Бүгін, 08:55

Үздіктер қатарынан көрінді

Спорт • Бүгін, 08:52

Екі жүлде – «егемендіктерде»

Егемен Қазақстан • Бүгін, 08:50

Тбилисиде топ жарды

Спорт • Бүгін, 08:48

Кардинг шабуылы

Қоғам • Бүгін, 08:45

Қаламгерге арналған конференция

Қазақстан • Бүгін, 08:34

Азаттық туын асқақтатқан

Қазақстан • Кеше

Елін сүйген Елбасы

Елбасы • Кеше

Ұқсас жаңалықтар