Аймақтар • 28 Сәуір, 2021

ШҚО-да ірі есірткі арнасы жойылды

6348 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Полиция қызметкерлері Шығыста және Алматы облысында әрекет еткен ірі есірткі желісін жоя отырып, кең ауқымды арнайы операция өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

ШҚО-да ірі есірткі арнасы жойылды

ШҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ШҚО бойынша ҰҚКД-мен бірлесіп жеті адамнан тұратын қылмыстық топты әшкереледі. Олардың үшеуі еліміздің оңтүстік өңірінің аумағында тұрған.

Бірлескен арнайы операция нәтижесінде бір айдан аз уақыт ішінде есірткі құрылымының барлық қатысушылары белгілі болды. Олардың барлығы басқа қалалардан келген, қылмыскерлер қауіпсіздік шараларын мұқият сақтап, жалдамалы пәтерлерді үнемі ауыстырып отырған.

Алматы облысында болып, қылмыстық топтың барлық іс-әрекеттерін басқарып отырған осы есірткі желісінің жетекшісі де анықталды.

о

Есірткі саудасымен айналысатын әр қатысушының өз рөлі болған. Белгілі бір топ есірткіні жеткізуге жауапты болса, енді біреулері оны дозасы бойынша өлшеп, кейіннен қала бойынша арнайы орындарға қойып кетіп отырған. Тінту барысында шамамен 10 келі сатуға дайын синтетикалық есірткі тәркіленді, бұл шамамен 100 000  реттік дозаға тең.

– Есірткі тасмалдаушыларға тауар көлік-логистикалық компаниялар арқылы жасырын қосалқы бөлшектер түрінде жөнелтілген. Есірткісі жасырылған барлық автобөлшектерді қызметтік-іздестіру иттері таба алмайды деген үмітпен, лак-бояу материалдарымен мұқият бояған, - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

Есірткіні алғаннан кейін, есірткі қоятын адамды ешкім көрмеу үшін оны арнайы орындарға қою түнгі уақытта ғана жүзеге асырылған.

2021 жылдың сәуір айының басында ауқымды іздестіру жұмыстары басталды. Бір апта ішінде қала аумағында әрекет еткен барлық есірткі тасымалдаушылар қамауға алынды. Өз үйлерін жалға берген пәтер иелері жалдаушылардың пәтерді есірткіні өлшеп-дайындау цехына айналдырғандарын көріп, жағаларын ұстаған. Әрі қарай, кезек есірткі желісі жетекшілеріне де келіп жетті.

Алматы облысы, Талғар ауданы, Қызылқайрат ауылындағы жалдамалы үйде синтетикалық есірткіні дайындап, өлшеп-орайтын есірткі зертханасын ұйымдастыруға тұтастай бір отбасының қатыстылығы анықталды. Олардың психотроптық заттарды жартылай дайын күйіде қойып кету жолымен алып, оны тұтынуға дайын күйге дейін жеткізіп отрығаны белгілі болды.

Тергеу барысында күдіктілер «Telegram» мессенджері арқылы есірткіні байланыссыз таратумен айналысқаны, ал әлеуетті клиенттерден төлемді электрондық төлем жүйелерінің көмегімен қабылдағаны анықталды.

Ауқымды арнайы операция нәтижесінде 21-49 жас аралығындағы 7 адам қамауға алынды. Тәркіленген заттардың «қара базардағы» құны шамамен 167 млн теңгеге бағаланады.

Күдіктілердің іс-әрекеті ҚР ҚК-нің 297-бабы бойынша сараланды. Күдіктілер 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылулары мүмкін.