Полигон облыс орталығының іргесіндегі Белкөл кентінен 7,5 шақырым қашықтықта орналасқан. Экологиялық-санитарлық талаптарға сәйкес қалдықтарды өңдеу үлесін арттыру бағытында салынған кешендегі құрылғылар Ресейде жасалған. Қазір аумағы 20 гектарлық полигонға орта есеппен күніне 110 тонна қалдық қабылданады.
Жуырда кешенге Қызылорда қаласының әкімі Ғанибек Қазантаев барып, атқарылып жатқан жұмыс барысын көрді. Полигонда осыған дейін 115 тонна пластмасса, шыны, қағаз, түсті металл қалдықтары сұрыпталып, тиісті кәсіпорындарға жөнелтілген. Ең бастысы, кешен іске қосылғалы жиылған қоқыстарды өртеу тоқтатылып, Белкөл кентіне жететін түтін иісі тыйылыпты.
Қала әкімі кешенге қоқыс жеткізетін «Қызылорда тазалығы» мекемесінің де жұмысын көрді. Серіктестік штатындағы жүмысшылар мен қоғамдық жұмыспен қамту арқылы келгендерді қосқанда, мұнда 618 адам жұмыс істейді. Мекеме осы жұмысшылар мен 137 арнайы техника күшімен облыс орталығындағы 800-ден аса көшенің тазалығын сақтап отыр.
Қызылорда облысы