Пікір • 29 Сәуір, 2021

Дана шешім

237 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Еліміздегі ынтымақ пен берекені ту еткен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясында ұлы шешімнің қабылданғанына куә болдық. Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ассамблеяны басқару құқығын Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа беру туралы шешім қабылдады.

Дана шешім

Осылайша, Елбасы өз шәкірттерінің, қанаттастарының, ізбасар­ларының дайын болуына қарай өкілеттіктерді өз қолымен табыстай алатындығын тағы бір дәлелдеді. Бұл дана да дара шешім болды. Сан мәрте сабақтастықтың мәні мен маңызын алдыңғы орынға қойып келе жатқан Елбасы бұл жолы да көрегендігін көрсетті. Заң аясында, Конституция шеңберінде сарабдал, салиқалы қадам жасады. Ұлтқа үлгі көрсетіп, ертеңгі ұрпаққа кемел басшы бола білудің жауапкершілігін ұғындыра алды. Ата Заңнан аттамаудың, бейбітшілік пен келісімді бәрінен жоғары қоя білудің бұдан артық дәлелі жоқ.

Тұңғыш Президентімізге зор алғысымды айтамын. Көре­гендігімен көп дүниені туған еліне түсіндіре алды. Түсіндіріп қана қоймай, нақты жұмыс істеп, елдің іргесін бекітіп, еңсесін тіктеп, бірлік­ті басты байлығымыз ретінде бағалап келеді. Әрине, бір кездері еліміздегі тұрақтылықты, ынтымақты, бірлікті сынға алғандар да болып еді. Елбасы ондай адамдарға ашық жауап беріп, тұрақтылық пен ынтымақ болмаған жерде даму мен гүлдену де болмайтынын жеткізген.

Тұңғыш Президентіміздің пайымы мен парасаты, өзгеде жоқ ой дариясы, кемелдігі мен кеңдігі – жарқын болашаққа ұмтылған мемлекет үшін әлі талай жылдар үлгі, өнеге боларына сенемін.  

 

Ахмет МУРАДОВ,

Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің мүшесі, Қазақстандағы чешендер мен ингуштардың «Вайнах» қауымдастығының тең төрағасы