Қоғам • 29 Сәуір, 2021

Елордада Батырхан Шүкеновке ескерткіш орнатылады

146 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтанда талантты әнші, композитор Батырхан Шүкеновке арнап ескерткіш орнатылады, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елордада Батырхан Шүкеновке ескерткіш орнатылады

Елорда әкімдігі үздік эскиз-идеясына байқау жариялады. Ұсыныстарды Birge платформасына (https://birge-elorda.kz/nur-sultan/) оң жағынан төменгі бұрышындағы «Кері байланыс» батырмасы арқылы жіберуге болады.

Қалалық саябақта композитор Батырхан Шүкеновке ескерткіш орнату жоспарланып отыр. Жоба демеушілік қаражат есебінен жүзеге асырылады.

Көрнекті әнші және композитор Батырхан Шөкенов 1962 жылы 18 мамырда дүниеге келген. Оның қайтыс болғаны туралы ақпарат бүкіл елдің қабырғасын қайыстырғаны есте.