29 Сәуір, 2021

Елорданың бас санитар дәрігері қала тұрғындарына үндеу жасады

2378 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласының бас санитар дәрігері Сархат Бейсенова қала тұрғындарын сақтық шараларын ұстанып, маска тағу режимін қатаң ұстануға шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz

Елорданың бас санитар дәрігері қала тұрғындарына үндеу жасады

«Қаладағы эпидемиологиялық жағдай әлі де тұрақсыз, сол себепті елорда тұрғындарына әсіресе үй карантиніндегі адамдарға, сонымен қатар кәсіпкерлік субьектілерге айтарым: барлық шектеулер мен санитарлық ережелерді сақтаңыздар. Бұл инфекцияның таралуын төмендетуге, ауру қаупін сейілтуге мүмкіндік береді», деді қаланың бас санитар дәрігер елорда әкімдігінде өткен брифингте.

Оның айтуынша, қалада жағдайды тұрақтандыру және коронавирусты жеңу үшін тұрғындарды жаппай вакцинациялау жүріп жатыр. Бұл ұжымдық иммунитетті дамытуға және қалыпты өмірге тезірек оралуға мүмкіндік береді.

Еске салайық, Нұр-Сұлтан қаласы коронавирус ахуалын бақылау матрицасында 1,5 айдан бері «қызыл аймақта» тұр.