Медицина • 29 Сәуір, 2021

ЭЭГ мониторинг МӘМС бойынша тегін жүргізіледі

139 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

МӘМС жүйесі енгізілгелі бері медициналық қызмет түрлері баршаға қолжетімді болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

ЭЭГ мониторинг МӘМС бойынша тегін жүргізіледі

«МӘМС жүйесі енгізілгелі бері тұрғындар тарапынан сұранысқа ие КТ, МРТ, жоғары технологиялық медициналық қызметтер, консультациялық-диагностикалық қызметтер, т.б. (пациенттің ақысыз тексерілуі, емделуі, дәрігер мен бейінді маманның кеңесі, консультациялық-диагностикалық қызметтер, оқалту қызметтер, т.б.) медициналық қызмет түрлерін барлық азаматтардың алу мүмкіндігі артты. 

Сол секілді ЭЭГ мониторингтен де МӘМС аясында жолдама арқылы тегін тексеруден өтуге болады. Бұны 1000-ға жуық пациент МӘМС аясында ЭЭГ мониторинг – тексеруден тегін өткен «Жанұя» жекеменшік клиникасы мысалынан көруге болады» - дейді  Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының баспасөз қызметі.

Бәрімізге белгілі, 2020 жылғы 1 қаңтардан Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі жүзеге асырыла бастады. МӘМС жүйесі жарна мөлшеріне қарамастан, барлық сақтандырылған адамдарға қызметтер пакеті теңдей  қолжетімді болуына негізделген. Яғни, мүмкіндігіне қарай төлем жасаған әр азаматқа жетіне қарай, МӘМС бойынша көмек алу үшін жүгінген кезде ем беріледі, медициналық қызметтердің көлемі мен құны шектелмейді.Барлық медициналық қызметтерді мемлекеттік және жекеменшік клиникаларда алуға болады. Тек бір ғана шарт – медициналық ұйым ӘМСҚ дерек қорында болуы және әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша қызметтер көрсетуі тиіс.