29 Сәуір, 2021

Қазақстанда күн қайта суытады

1588 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елімізде алдағы күндері күн суытып, жаңбыр жауады. «Қазгидромет» синоптиктері 29 сәуір мен 1 мамыр аралығындағы ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz

Қазақстанда күн қайта суытады

Еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен ауа-райының тұрақсыз сипаты сақталады. Республикамыздың кей жерлерінде жаңбыр жауып, найзағай ойнаса, батыс өңірлерде жауын-шашынсыз, керісінше ауа температурасы көтеріледі.

Елдің орталығында, шығысында және оңтүстік-шығысында қатты жаңбырдың соңы бұршаққа ұласып, найзағай ойнауы мүмкін.

Түркістан облысында таңертең және күндіз кей жерлерде шаңды дауыл, жел екпіні 15-20, кей жерлерде 25м\с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең тұман күтіледі, жел екпіні 23м\с болады.

Қызылорда, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Алматы мен Жамбыл облыстарының кей жерлерінде жел күшейіп, бұршақ аралас жаңбыр жаууы мүмкін.

Павлодар облысында түнде тұман болады.

Нұр-Сұлтанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. 

Алматыда да күн ала бұлтты, жаңбыр жауып, күн күркірейді. 

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Солтүстік-батыстан соғатын жел екпіні 15-20 м\с.

Соңғы жаңалықтар