Аймақтар • 29 Сәуір, 2021

Алматы облысында ақша бопсалаушылар ұсталды

206 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

24 ақпанда 45 жастағы Талдықорған тұрғыны Алматы облысының полиция бөліміне белгісіз біреулер одан 9 миллион теңге бопсалап жүргенін айтып шағымданған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы облысында ақша бопсалаушылар ұсталды

Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, операция барысында Алматы облысының Сарқанд ауданынан 26, 28 және 56 жастағы үш күдікті азамат ұсталды.

Тергеу үстінде күдіктілердің бірінен үш оқталған патрон мен тапанша табылған. Қару сақтау фактісі тіркелді.

Айта кетейік, барлық күдіктілер қамауға алынды.