СҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәліметінше, арнайы жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде сыбайлас жемқорлыққа барып, құқық бұзушылық жасаған ҚР Ұлттық ұланы Әскери институты батальонының командирі әшкереленді.
Ол қарамағындағы қызметкерден гарнизон шегінен шығуға рұқсат бергені үшін 30 мың теңге сомасында ақшалай пара алды деген күдікке ілінді. Офицердің заңсыз әрекеті жайында Сыбайлас жемқорлық қызметке азаматтардың біреуі арызданған.
Күдікті Петропавлдағы уақытша ұстау изоляторына қамалды.