Аймақтар • 29 Сәуір, 2021

Түркістан облысындағы соғыс ардагерлеріне қомақты қаражат берілетін болды

383 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысында қазіргі уақытта екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан 28 ардагер тұрады. Жеңістің 76 жылдығын мерекелеуге байланысты олардың әрқайсысы 1 млн теңге көлемінде біржолғы төлем алады, деп хабарлайды Еgemen.kz.

Түркістан облысындағы соғыс ардагерлеріне қомақты қаражат берілетін болды

Сондай-ақ соғысқа қатысушылар мен мүгедектеріне теңестірілген 214 тұлғаға біржолғы материалдық төлем қарастырылған. 

Жалпы облыс бойынша 6808 ардагерге Жеңіс мерекесінің құрметіне бір реттік материалдық көмек төлеу үшін аудандық, қалалық бюджет есебінен 233,2 млн теңге қаржы бөлінді. Төлемдер 4 мамырға дейін толық аяқталады. Оның ішінде: 28 Ұлы Отан Соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне – 1 млн теңгеден, 6722 тыл еңбеккерлері мен қаза болған жауынгердің жесірлеріне – 30 000, 55 блокадалық Ленинградтың тұрғынына, соғыста қайтыс болғандардың жесірлеріне  – 60 000, 3 кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарға, ҰОСҚ, ҰОСМ теңестірілген басқа да санаттарға – 100 000 теңгеден белгіленді.  Соғыс ардагерлерінің бейнесімен билбордтар орнатылады. Сонымен қатар барлық аудан, қалаларда облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес соғыс ардагерлерінің үйлеріне барып, құттықтау шаралары жүргізіледі.

Облыс бойынша соғыс ардагерлері тұрғын үймен толық қамтамасыз етілген. Сауықтыру шараларын жүргізу мақсатында денсаулық сақтау саласы тарапынан 28 ардагердің үйіне барып, қажетті медициналық қызмет көрсетіліп, диспансерлік тексеруден өткізілді. Жыл сайын аға буын өкілдерін сауықтыру мақсатында 7,8 мың жекелеген санаттағы азаматтар демалып, емделеді. Бүгінде әлеуметтік қашықтықтың сақталуына байланысты 7800 орынға  ардагерлердің 50%-ы, яғни 3900 зейнеткер денсаулығын түзетуге мүмкіндік алуда.