Аймақтар • 29 Сәуір, 2021

Макинскідегі құс фабрикасында өрт болды

162 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұланды ауданында құс фабрикасында өрт болды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Макинскідегі құс фабрикасында өрт болды

«Бұланды ауданының өрт сөндіруші-құтқарушыларына бүгін сағат 17:34-те Макинск құс фабрикасының №7 ғимаратында өрт болғандығы туралы хабар түсті. Өрт сөндірушілердің жедел іс-қимылдарының арқасында 800 шаршы метр аумақтағы тілсіз жау 43 минутта ауыздықталды, жалынның көршілес ғимараттарға таралуына жол берілмеді» делінген ведомство таратқан хабарламада.

Айта кетейік, өрт кезінде ғимарат бос болып, құстар зардап шекпеген. №7 ғимараттың жалпы ауданы 1930 шаршы метрді құрайды, зардап шеккендер мен жарақат алғандар жоқ.

Мәліметке сүйенсек, өрт 18:04-те оқшауланып, 18:18-де сөндірілді. Оқиға орнында 10 өрт сөндіруші-құтқарушы, Макинск құс фабрикасының 7 және мемлекеттік емес өртке қарсы қызметінің 3 қызметкері жұмыс істеді.

Өрттің себебі анықталып жатыр.