Коронавирус • 30 Сәуір, 2021

Коронавирус жұқтырған 763 адамның жағдайы нашар

223 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастардың жағдайы туралы мәлімет ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Коронавирус жұқтырған 763 адамның жағдайы нашар

Бүгінгі мәлімет бойынша, коронавирус инфекциясынан 42 730 адам (42 235 КВИ+ және 495 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 15 207 пациент стационарда, 27 523 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

- 763 адамның жағдайы ауыр;

- 196 пациенттің жағдайы өте ауыр;

- 112 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.