Жиырма бес жаралы адам Баткеннен Бішкекке арнайы ұшақпен жеткізілді. Олар Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу орталығы, Ұлттық госпиталь және ел астанасындағы Ұлттық хирургия орталығына жатқызылды. Екі науқастың жағдайы ауыр, қалғандары орташа және салыстырмалы түрде қанағаттанарлық.
Еске сала кетсек, 28 сәуір күні Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында екі ел тұрғындары өзара келіспей, арты қақтығысқа ұласып кетті.
Кеше Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев оқиғаға байланысты пікір білдірді.