«Дәрімен қамтамасыз етуде іркілістерді болдырмау үшін бірыңғай дистрибьютордың қоймаларында Сovid-19-ды емдеуге арналған дәрілік заттардың 38 позициясы бойынша 6 млрд теңгеден астам сомаға препараттардың 2 айлық қоры айына 60 мың пациентті қамту үшін қалыптастырылды», деді министр Орталық коммуникациялар қызметінде.
Ведомство басшысының айтуынша, қазіргі уақытта зертханалық ПТР-тестілеудің қуаты тәулігіне 123 мыңға дейін жеткізілді.
«Қалаларда уақытылы медициналық көмек көрсету үшін 16 модульдік инфекциялық ауруханасы салынды. 36 мыңға жуық төсек-орын оттегімен қамтамасыз етілген. Медициналық ұйымдардың өкпені жасанды желдету аппараттарына қажеттілігі толық қамтамасыз етілді», деді А. Цой.