Бүгінгі таңда Үндістанда қауіпті вирустан қайтыс болғандар саны 200 мыңнан асқан. Ал соңғы тәулікте елде тағы 360 мың адам анықталып, 3 293 адам көз жұмды.
Сарапшылардың пікірінше, қайтыс болғандар мен инфекция жұқтырғандар саны бұдан да көп. Себебі, 1,3 миллиард халқы бар және әкімшілік ресурстары шектеулі елде нақты статистиканы жүргізу мүмкін емес.