Парламент • 01 Мамыр, 2021

Татулық пен достықты дәріптейтін мейрам- Мәулен Әшімбаев

310 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай фейсбук әлеуметтік желісінде құттықтау жазба қалдырды, деп хабарлайды Egemen.kz

Татулық пен достықты дәріптейтін мейрам- Мәулен Әшімбаев

Құрметті достар!

Баршаңызды Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Елбасымыздың бастамасымен өмірге келген бұл күн – татулық пен достықты дәріптейтін және ырыс пен ынтымақты еселейтін ерекше мейрам. Біз бейбітшілік пен келісімді, тыныштық пен тұрақтылықты нығайту арқылы бүкіл әлемге елдіктің ерен үлгісін көрсеттік. Соның арқасында Тәуелсіздік тұғырын биіктетіп, толағай табыстарға қол жеткіздік.

Қазіргі таңда Мемлекет басшысы осы сабақтастықты сақтай отырып, барша қазақстандықты ортақ мақсат пен мүдде жолында жұмылдыруға баса мән беріп келеді. Бұл бүгінгідей күрделі кезеңде аса маңызды. Сондықтан береке-бірлігімізді арттыру бәріміздің абыройлы міндетіміз болуға тиіс. Сол арқылы барлық сын-қатерге төтеп беріп, Президентіміздің жаңғыру бағдарын табысты іске асырамыз.

Бірлік күнімен құттықтай отырып, сіздерге зор денсаулық және амандық тілеймін! Еліміздің ертеңі жарқын, келешегі кемел болсын! Қазақ елі мәңгі жасай берсін!

Соңғы жаңалықтар

Жүрегі жырдан жаралған

Тұлға • Бүгін, 08:20

3 минуттық сериал

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Алаңдауға негіз жоқ

Аймақтар • Бүгін, 08:05

Қауіп қайдан демеңіз...

Аймақтар • Бүгін, 08:03

Оператордың ерекше әдісі

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Қатерге қарсы тастүйін іс

Аймақтар • Бүгін, 07:58

Ақ кимешекті әйгілеген әже

Мирас • Бүгін, 07:55

Сезім селт еткен кеш

Өнер • Бүгін, 07:50

Сыншының елеулі еңбегі

Басылым • Бүгін, 07:45

Сарыжаздағы спорт мерекесі

Аймақтар • Бүгін, 07:40

ЖИ ұсынатын иіссу

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:35