Білім • 01 Мамыр, 2021

«Болашақ» бағдарламасымен білім алуға болатын шетелдік жоғары оқу орындар тізімі шықты

326 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың «Болашақ» бағдарламасына қатысатын шетелдік жоғары оқу орындарының тізімі бекітілген бұйрығы шықты, деп хабарлайды Egemen.kz

«Болашақ» бағдарламасымен білім алуға болатын шетелдік жоғары оқу орындар тізімі шықты

Тізімге әлемнің 207 оқу орны кірген, және олар қандай өлшемдер бойынша іріктелгені айтылды. Яғни, халықаралық бағдарламаға ұсынылатын шетелдік оқу орындары мен ұйымдар үш халықаралық академияға кіруі керек сондай-ақ, кемінде алғашқы 250 позициядан орын алуы тиіс.

Оқу орындары тізімінде Оксфорд, Кембридж, Гарвард, Джонс Хопкинс Университеті, Вена университеті, Гейдельберг секілді әлемге белді университеттер бар.

«Болашақ» халықаралық стипендиясы конкурсына қатысу үшін үміткерлер 2021 жылдың 4 мамырынан бастап 28 қазанға дейін құжаттарын өткізу керек. Байқау 2021 жылдың 1 маусымынан 30 қарашасына дейін жалғасады.