Коронавирус • 01 Мамыр, 2021

Қазақстанда пневмония мен коронавирустан 37 адам қайтыс болды

174 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Соңғы тәулікте коронавирус белгілері бар пневмония мен КВИ-дан 37 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz

Қазақстанда пневмония мен коронавирустан 37 адам қайтыс болды

1 мамырдағы мәлімет бойынша, 42510 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр, олардың ішінде 14843 пациент стационарда, 27677 науқас амбулаториялық деңгейде ем алып жатыр.

Коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың арасында 769 адамның жағдайы ауыр, 184 науқастың жағдайы өте ауыр сондай-ақ, 125 пациент жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.