– Бір үйдің баласындаймыз, дейді облыстық Әзірбайжан этномәдени бірлестігінің төрағасы Элвин Демирчиев. 1 мамыр – Халықаралық бірлік күніне орай «Марат-М» ЖШС басшысы Әли Думанайұлы мен Элвин Демирчиев аудан мешіттеріне ауыз ашар қоржындарын сыйға тартты.
– Қайырлы істің бір қайыры бар. Әли мен Элвин бауырларымыздың «Берекелі Рамазан сыйы» атты ауыз ашар қоржындарын аудандық мүгедектер қоғамының мүшелеріне үлестіріп бердік. Бір шаңырақ астындағы әр ұлттың берек-бірлігі арта берсін, дейді Зауытбек Сайлауұлы.
«Жақсының жақсылығын айт, нұры тассын» демей ме?! Әли Думанайұлы мен Элвин Демирчиев сонымен қатар Глубокое ауданындағы Ақтас мешітіне де қайырымдылық көмектерін көрсетті. Бұған дейін балалар үйіне, қарттарға қолдан келген көмектерін көрсетіп жүр. Бірақ, тіс жарып ешкімге айта бермейтін. Қайырымды істерінен бөлек ұлттардың арасындағы ынтымақтастық та осылай болса керек-ті.