Президент • 01 Мамыр, 2021

Мемлекет басшысы Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровқа көңіл айтты

430 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Екі ел басшылары қырғыз-тәжік шекарасында болған қарулы қақтығыстан кейінгі жағдайды талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап

Мемлекет басшысы Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровқа көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровқа және қырғыз халқына бауырлас ел азаматтарының қаза болуына байланысты көңіл айтты. Қазақстан Президенті мұндай шекаралық мәселелерді өзара түсіністік пен тату көршілік аясында тек қана бейбіт жолмен шешу қажет екенін атап өтті. Ол Душанбеде өтетін жоғары деңгейдегі келіссөздерге табыс тіледі. Сонымен қатар Мемлекет басшысы қажет болған жағдайда Қазақстанның Қырғызстанға гуманитарлық көмек көрсетуге әзір екенін айтты.

Садыр Жапаров бауырлас Қазақстанның достық ниет танытқанына ризашылық білдіріп, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен өзара ынтымақтастықтың барлық мәселелерін жедел шешу үшін тұрақты байланыста болатынын жеткізді.