01 Мамыр, 2021

Өскемен тұрғынынан ақша бопсалап, көлігін тартып алғандар ұсталды

173 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өскемен қаласы тұрғынының көлігін тартып алып, ақша бопсалағандар ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz

Өскемен тұрғынынан ақша бопсалап, көлігін тартып алғандар ұсталды

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, тәртіп сақшылары шаһар тұрғынынан ірі көлемде ақша талап етіп, бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ мүшелерін қолға түсірді. «20-25 жас аралығындағы бір топ адам жәбірленушінің автокөлігін тартып алып, оны қайтару үшін қомақты қаражат сұраған. Аталған факті бойынша жылдам әрекет еткен полиция қызметкерлері күдіктілерді ақша алу барысында ұстады. Олардан жәбірленушінің травматикалық қаруы мен автокөлігі тәркіленді»,  деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев.

Ұсталған ер адамдар сақшыларға бағынбай, үйлердің аулаларында жасырынуға тырысқан. Олардың бірі тапаншамен қаруланған екен. Күдіктілерге қатысты ҚР ҚК-нің 194-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.