Әлем • 02 Мамыр, 2021

Әлемде коронавирустан көз жұмғандардың саны 3 миллионнан асты

136 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлемде COVID-19 індетіне шалдыққандар саны 151 миллионнан асты, деп хабарлайды Egemen.kz

Әлемде коронавирустан көз жұмғандардың саны 3 миллионнан асты

Джонс Хопкинс университетінің ресми сайтындағы соңғы мәліметке сүйенсек, әлем елдерінде коронавирус 151 млн 774 мың 770 адамнан анықталды. Оның ішінде вирустан қайтыс болғандар саны – 3 млн 118 мың 331 науқасты құрады. Коронавирус ең көп тараған елдердің алғашқы бестігінде: АҚШ, Үндістан, Бразилия, Франция, Түркия орналасқан.