Әлем • 02 Мамыр, 2021

Душанбедегі жанармай бекетінің бірінде жойқын жарылыс болды

237 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше Душанбе маңындағы жанармай бекетінде жергілікті уақытпен 19:30-да (Нұр-Сұлтан уақытымен 20:30) жойқын жарылыс болды. Жарылыстан 15 адам зардап шеккен, деп хабарлайды Egemen.kz 

Душанбедегі жанармай бекетінің бірінде жойқын жарылыс болды

Душанбе маңындағы Зарафшон мөлтек ауданында орналасқан жанармай бекетінде жойқын жарылыс болды. ­Қызыл жалын бағанының биіктігі кем дегенде 50 метріне дейін жетіп, жақын маңда тұрған үйлер де зардап шеккен. Өрт сөндірушілер тілсіз жаумен бір жарым сағат бойы арпалысқан.

Жанармай бекетіне жақын жердегі жедел жәрдем бөліміне өрттен зардап шеккен 15 адам түскен.