«Біртұтас халықтың күші - қайырымдылығы мен әрдайым өзінің жақынына қол ұшын беруге әзір тұратындығында. Сондықтан, менің бастамаммен «Қайырымды істер» республикалық акциясы аясында біздің облыста қайырымдылық іс-шаралар марафоны бастау алды. Бұл іс-шаралардың қасиетті Рамазан айында және Бірлік күнінде орын алуы оның тағылымдық мәнін арттыра түсері сөзсіз.
Мен барша жамбылдықтарды және кәсіпкерлерді осы акцияға қолдау көрсетіп, қосылуға шақырамын. Шынында да, бұл адамдарға бір-біріне деген сенім мен жанашырлық, қайғы мен қуанышта бірге болу қабілетін жоғалтпады деген сенім береді. Баршаңызға мықты денсаулық пен бақ-береке тілеймін», деді облыс әкімі.
Айта кетейік, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, түрлі этнос өкілдері, белсенді жастар мен еріктілердің көмегімен мұқтаж адамдарға 1000-нан аса азық-түлік себеттері таратылды.