Аймақтар • 03 Мамыр, 2021

Шымкент «қызыл» аймаққа қайтадан өтті

326 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Індетке қатысты өңірлердегі эпидемиялық жағдайды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz

Шымкент «қызыл» аймаққа қайтадан өтті

3 мамырдағы мәлімет бойынша «қызыл» аймақта – Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда және Павлодар, Алматы облыстары орналасқан.

«Сары» аймақта – Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Жамбыл, Атырау облыстары тұр.

«Жасыл» аймаққа – Түркістан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары енген.

Еске сала кетейік, Шымкент қаласы 28 сәуірде «қызыл» аймаққа кіріп, кейін «сарыға» ауысқан еді.