Коронавирус • 03 Мамыр, 2021

Батыс Қазақстанда 577 адам коронавирус жұқтырды

237 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Батыс Қазақстан облысында соңғы төрт күнде 577 адамнан коронавирус табылды, деп хабарлайды Egemen.kz

Батыс Қазақстанда 577 адам коронавирус жұқтырды

Батыс Қазақстан облыстық санитарлық-эпидемиялық бақылау департаменті өкілінің айтуынша, соның 337-сі Орал қаласында тіркелген. Сондай-ақ соңғы төрт тәулікте Бәйтерек ауданында 82, Бөрліде 55, Теректіде 31 адамның індет жұқтырғаны белгілі болды.

Департамент мәліметінше, жыл басынан бері өңірде 10386 адам сырқаттанса, соның 6583-інде ауру белгілері бар, ал 3803-інде симптомы болған жоқ.

Ал індет басталғаннан бері облыста 19607 адамнан (11248-інің ауру белгілері бар, 8359-ының симптомы жоқ) КВИ анықталды. Соның ішінде Орал қаласында 11339, Бөрлі ауданында 2120, Бәйтеректе 2073, Теректіде 800, Ақжайықта 673, Шыңғырлауда 541 адамнан коронавирус табылды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстан облысында 1 мамырдан бастап 21 блокпост жұмыс жасай бастағанын жазған болатынбыз.