«Үндістан аумағында таралған штамның елімізге тасымалдануына жол бермеу үшін қосымша іс-шаралар қабылданды. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасына келетін (оның ішінде үшінші елдер арқылы) тұлғалар және соңғы 14 күнде Үндістанға барған адамдар ПТР әдісімен COVID-19-ға алынған анықтамасының болғандығына және коронавирусқа қарсы вакцина салдырғанына қарамастан 14 күнге үй карантиніне оқшаулануы тиіс», деді Алексей Цой.