Қоғам • 04 Мамыр, 2021

Еліміздегі ең жас әкім кім?

540 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елімізде өңір әкімдерінің орташа жасы - 55 жас, деп хабарлайды Egemen.kz Ranking.kz-ке сілтеме жасап.

Еліміздегі ең жас әкім кім?

Республика бойынша ең жас әкім Шымкенттің әкімі - Мұрат Әйтенов. Оның жасы 40-қа жақындаған. Ал ең жасы үлкен әкім Алматы облысын басқаратын Амандық Баталов. Өңір басшысы биыл 68 жаста. 

Қазақстанның 17 аймағының тек біреуін ғана әйел адам басқарады. Ол 56 жастағы Қызылорда облысының әкімі –Гүлшара Әбдіхалықова. Оның аймаққа басшылық еткеніне бір жылдан асты. Өңір басшысы өткен жылдың наурыз айының соңында қызметіне кіріскен еді.

Ал Мұрат Әйтенов қызметіне 38 жасында келді. Оның Шымқалаға басшылық еткеніне – 1,3 жыл болды.

Ал еліміздегі ең жасы үлкен әкім Амандық Баталов Алматы облысын 2014 жылдың 20 тамызынан бастап басқарады. Аталған өңірге басшылық еткеніне шамамен 7 жыл болды. Ол 62 жасында облыс әкімі қызметін қабылдаған.

Қарт әкімдердің қатарында Бердібек Сапарбаев та бар. Ол Жамбыл облысын басқаруға келгенде 67 жаста еді. Оның бұл лауазымда қызмет еткеніне - 1,2 жыл. Қазір әкім 68-де.