Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, Мұхамедкәрім Құлниязовқа ота жасау қажет.
- Оның диагнозы - сол жақ асық сүйегінің жабық ұсақталған сынуы, омыртқаның қысылған сынуы, - дейді басқармада. - Асық сүйегіне кейінірек операция жасалады. Науқастың жағдайы тұрақты. Қазір ол Павлодар қаласының №1 қалалық ауруханасының политравма бөлімінде емделуде.
Еске сала кетейік, 2021 жылы 2 мамырда әскери міндетін өтеуге шақырылған Павлодар қаласының тұрғындары 23 жастағы Мұхамедкәрім Құлниязов пен 20 жастағы Рүстем Назымбеков облыстық әскери комиссариаттың үшінші қабатынан секіріп, рұқсатсыз кетіп қалған. Олардың бірі № 1 қалалық ауруханаға түсті.