Өңірде былтырдан бері 5 794 адам қатерлі вирусты жұқтырды. Салдарынан облыс қазір «қызыл» аймақта тұр. Оның ішінде Қызылорда қаласында – 3442 адам тіркелсе, аудан бойынша ол Аралда – 206, Қазалыда – 274, Қармақшыда – 262, Жалағашта – 201, Сырдарияда – 354, Шиеліде – 441, Жаңақорғанда – 614 адамды құрайды.
«Жыл басынан бері 2 402 адам аталған дертке шалдықты. Олардың 1374-і облыс орталығы тұрғындары болса, ол Аралда – 92, Қазалыда – 171, Қармақшыда – 103, Жалағашта – 88, Сырдарияда – 174, Шиеліде – 147, Жаңақорғанда – 256 адамға жетті. Өткен жылдан бері қатерлі індет салдарынан 16 адам көз жұмды», деп мәлім етті.
Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасынан. Еске салсақ, Қызылорда облысында вакцинация пунктері аптасына 7 күн жұмыс істейді.