Оқиға • 04 Мамыр, 2021

Арқалықта қыздарға оқ атқан жасөспірім ұсталды

191 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай облысында пневматикалық мылтықтан екі қыз жарақат алды. Полицейлер оқ атқан күдіктіні анықтады, ол 15 жастағы жасөспірім болып шықты, деп хабарлайды Egemen.kz Аlau.kz сайтына сілтеме жасап.

Арқалықта қыздарға оқ атқан жасөспірім ұсталды

Оқиға 3 сәуірде болған. 17 және 25 жастағы қала тұрғындары білек және жамбас тұсындағы жарақатпен аурухананың қабылдау бөліміне жеткізілген. Тергеу барысында қыздардың Маясова көшесінде жарақаттанғаны анықталды.  Оларға алғашқы медициналық көмек көрсетілді. 

Полиция оқ атқан күдікті ретінде 15 жастағы жасөспірімді анықтаған. Оның үйінен әкесіне тиесілі пневматикалық мылтық тәркіленген.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 107-бабы «Денсаулыққа қасақана орташа зиян келтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Кеше

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Кеше

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Кеше

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Кеше

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Кеше

Заманауи киіз үй

Өнер • Кеше

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • 25 Шілде, 2025