Аудан әкімдіктеріндегі ауыс-түйістің мән-мәнісін облыс басшысы Архимед Мұхамбетов түсіндіріп, жергілікті жұртты жаңа әкімдерімен таныстырды.
Сонымен, Науырзым ауданына Қайрат Әбішев әкім болып тағайындалды. Жаңа әкім 1969 жылы қазіргі Әулиекөл ауданындағы Тимофеев ауылында дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар: 1992 жылы Қостанай ауыл шаруашылығы институтын агроном мамандығы бойынша, 2015 жылы Алматы экономика және статистика академиясын экономика және бизнес мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын Науырзым ауданындағы «Қара қурай» бригадасының агрономы болып бастаған. Кейін Әулиекөл ауданы әкімінің орынбасары, Ұзынкөл ауданы және Арқалық қаласының әкімі қызметтерін атқарған.
Ал оңтүстіктегі шалғай өңір - Амангелді ауданына Талғат Карбозов басшы болып тағайындалды. Талғат Карбозов 1970 жылы 2 сәуірде Қостанай облысы Амангелді ауданы Қабырға ауылында дүниеге келген. Жоғары білімді: 1988 жылы Торғай а/ш техникумын тәмамдаған. 2004 жылы Қостанай әлеуметтік академиясында «Қаржы және несие» мамандығы бойынша білім алған. 2018 жылдан бүгінгі күнге дейін Науырзым ауданының әкімі міндетін атқарып келген.
Амангелді ауданының бұрынғы басшысы Әмірхан Асанов Арқалық қаласының әкімі қызметіне ауысты.
Қостанай облысы