Еске салсақ, 2021 жылы ақпан айында Іле-Алатау ұлттық паркінде экологиялық туризм инфрақұрылымын дамытудың Бас жоспарын қарау бойынша қоғамдық тыңдау өткен. Қоғамдық тыңдау хаттамасы Іле-Алатау ұлттық паркі мен Алматы қаласы және Алматы облысы туризм басқармаларының сайттарында жарияланды. Ұлттық парктерде туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру Ережесіне сәйкес тендерлік және конкурстық құжаттар жобасы да ұлттық парктің интернет-ресурсына салынды.
«Қазіргі уақытта Ұлттық парк экологиялық туризм қызметіне жерлерді ұзақмерзімді пайдалануға берілетін учаскелер саны 9-дан 8-ге, яғни 171 гектарға, қысқармерзімді пайдалануға ұсынылатын жерлер 26-дан 11-ге, 7,9 гектарға азайды. Ұзақ мерзімді жобаларға қойылатын негізгі талап - кешенді құрылыс жүргізбей, қайта алынатын қадалар қағу немесе геобұрандалар технологиясын қолдану және жердің құнарлы топырағына зиян келтірмеу. Сонымен қатар қалдықтарды басқару, тазалау құрылғыларын қолдану мүмкіндіктерін қарастыру керек»,- деді Іле-Алатау МҰТП директоры Дамир Малгелдиев.
Атап өтейік, қоғам өкілдерінің пікірін ескере келе ұлттық парк жерлерін ұзақмерзімді пайдалануға беру 49 жылдан 25 жылға, қысқамерзімді пайдалануға беру 5 жылдан 1 жылға қысқарды. Қоршаған ортаға залал келтірмеу талаптары сақталмаса, Ұлттық парк келісімшартты біржақты негізде үзе алады.
Жиында Алматы қаласы туризм басқармасының жетекшісі Сабина Амангелді «ЦСКА» тау шаңғы базасын реконструкциялау жобасын таныстырды. Кеңес мүшелері аталған нысан әсіресе, балаларға ыңғайлы белсенді демалыс аймағы ретінде дамуы тиіс екендігін атап өтті. Алдағы уақытта аталған жерде балалар тау шаңғысы базасын жасау мәселесі мен басқа да жобалар тағы да Кеңес талқысына салынады
Жиын қорытындысы бойынша кеңес мүшелері экотуризм жобасын жүзеге асыру жоспарланған учаскелерде көшпелі жиналыс ұйымдастыру туралы шешімге келді.
Атап өтейік, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда экологиялық туризмді дамыту азаматтардың бойында табиғатқа жанашырлықты қалыптастыруға септігін тигізетін экологиялық ағарту жұмысын жүргізуге және жергілікті халықты қызмет көрсету саласында жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді.
Тендер мен конкурсқа қатысты ақпарат , қабылданған шешімдер жайында ақпарат Алатау ұлттық паркінің www.ile-alatau.kz сайтында жарияланады.
Алматыда Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысында парк аумағында экотуризмді дамыту мәселелері талқыланып, балаларға арналған тау шаңғысы спортын дамыту базасын дайындау туралы ұсыныс айтылды. Бұл туралы Экология министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысы Ұлыбританияның Сыртқы істер министрін қабылдады
Президент • Кеше
Найзағай, бұршақ, боран. Алматыда күн райы күрт бұзылды
Ауа райы • Кеше
Алматы облысында пара алған судья 4 жылға сотталды
Қоғам • Кеше
Ұлытау облысында 18 миллион түп ағаш отырғызылады
Қазақстан • Кеше
Президент ҚХА Төрағасының орынбасарларын қабылдады
Президент • Кеше
«Қазақстан - қызғалдақтар отаны» атты іс-шара өтті
Табиғат • Кеше
Өскеменде есірткі жарнамалаған ерлі-зайыптылар ұсталды
Есірткі • Кеше
Атырау облысына әскери күштер мен техникалар тартылады
Аймақтар • Кеше
Құмар Ақсақаловтың орынбасары қызметінен кетті
Аймақтар • Кеше
Ақтауда мүгедектігі бар адамдарды қайыр сұрауға мәжбүрлеген
Аймақтар • Кеше
Жайық өзені маңындағы жыралар ашылып жатыр
Аймақтар • Кеше
Атырауға мол су мамыр айының басында келуі мүмкін
Аймақтар • Кеше
Елдегі асфальт-бетон зауыттары тексеріліп жатыр
Қазақстан • Кеше
Қазақстанда кітап бағасы қымбаттады
Қоғам • Кеше
Су тасқыны кезінде 1 млрд теңгеге залал келтірілген - ҚМА
Қазақстан • Кеше
Азия чемпионатына қатысатын боксшылар анықталды
Бокс • Кеше
Зайсанда 2 балдық жер сілкінісі болды
Аймақтар • Кеше
Мемлекет басшысы Семей тұрғындарының бастамасын қолдады
Президент • Кеше
Жезқазған қаласында 100 көшет отырғызылды
Экология • Кеше
Петропавл тұрғынының үстіне қабырға құлап кетті
Оқиға • Кеше
Волонтер • Кеше