«Бүгін АҚШ хоккей клубының жаттықтырушысы болған Бұлбұл Қартанбаймен кездестім. Ол аталған спорт түріндегі алғашқы қазақстандық спортшы атанып отыр. Бұлбұлмен ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Өз тарапымыздан оған елордамызда қыздарға арналған хоккей секциясын ашуға көмектесеміз.
Спорт – әрқайсымыздың өмірімізде маңызды рөл атқарады. Қала тұрғындары арасында бұқаралық спортты насихаттау үшін қажетті жағдайлар жасаймыз: спорт нысандарын жөндейміз, жаңа спорт кешендерін ашамыз, мысалы, Елбасының тапсырмасы бойынша «Qazaqstan» жеңіл атлетикалық кешені салынды. Сондай-ақ қоғамдық кеңістіктер (саябақтар, скверлер, бульварлар) мен аулаларды абаттандырамыз, балалар мен жасөспірімдер спортын, федерацияларды қолдаймыз. Осының барлығы спорт нысандарының қолжетімділігін арттыруға, сол арқылы өзіміздің болашақ спорт жұлдыздарымызды және сапалы жаттықтырушылар құрамын өсіруге, сондай-ақ қала тұрғындарын бұқаралық спортқа баулуға, елордамызда халықаралық деңгейдегі спорттық іс-шараларды өткізуге және т.б. мүмкіндік береді», деп жазды елорда әкімі.