Қазақстан • 05 Мамыр, 2021

ALTYN BARYS инвестициялық монеталары сатылымға шығады

450 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Ұлттық банкі 6 мамырда ALTYN BARYS инвестициялық монеталарының сатылымға шығатынын хабарлады, деп жазады Egemen.kz

ALTYN BARYS инвестициялық монеталары сатылымға шығады

Монеталарды kazcoins.nationalbank.kz интернет-дүкені арқылы сатып алуға болады. Ол үшін қолданушылар тіркеліп, жеке кабинет ашуға тиіс.

ALTYN BARYS инвестициялық монеталары – 999,9 жоғары сынамалы, сапасы жоғары алтын монеталар. Инвестициялық монеталардың ерекшелігі – бұл монеталар жасалған металдың өзіндік құны мен салмағына байланысты табыс әкелетіндігінде.

Сондай-ақ ережелерге сәйкес, инвестициялық монеталарды Ұлттық банк кері сатып алуға қабылдай береді және олардың құны монетадағы металдың салмағына қарай есептеледі. Барлық номиналдағы инвестициялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында белгіленген құнына сәйкес кез келген төлем түрі бойынша, сондай-ақ банк шоттарына есепке жазу үшін және аудару үшін қабылдана береді, Қазақстан Республикасының банктерінде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады.

ALTYN BARYS инвестициялық монеталары Қазақстан теңге сарайында дайындалған.

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35