Ауа райы • 05 Мамыр, 2021

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

1262 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Синоптиктер Қазақстандағы 6 - 8 мамыр аралығындағы ауа райы болжамымен бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

«Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты республикамыздың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы пайда болады. Жауын-шашын түсіп, оңтүстік-шығыста қатты жауын жауады деп күтіледі, найзағай ойнап, жел күшейеді, бұршақ аралас жаңбыр жаууы да ықтимал», делінген Қазгидрометтің хабарламасында.

Батыс антициклонының Қазақстан аумағына енуіне байланысты ауа температурасының төмендеуі мүмкін деп болжанады, еліміздің солтүстік жартысында түнде -3 градусқа дейін аяз, үсік жүреді, күндіз 15-20 градус жылы болады.

Республикамыздың оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады деп күтіледі, күндізгі температура 20-25 градусқа дейін сәл төмендейді.