Әлем • 06 Мамыр, 2021

Жеңіс күніне орай ардагерлерден ақша жинаған

554 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түрікменстанда соғыс және тыл ардагерлері Жеңіс күніне орай Мемлекет басшысынан алатын сыйлықтар үшін ақша тапсыруға міндеттелді, деп хабарлайды  Egemen.kz.

Жеңіс күніне орай ардагерлерден ақша жинаған

Түркменстанда Президенттің атынан ардагерлерге берілетін сыйлықтар екінші жыл қатарынан жалғасуда.

Өткен жылы тыл ардагерлерінен де ақша жиналды. Жергілікті әкімшілікке хабарласқан ардагерлердің туыстарының айтуынша, билік ақша жинау туралы ресми ақпарат бермейді.

Өткен жылы Түркменстан ардагерлері әлеуметтік сақтандыру үшін 1000 манат төлеген болатын, сондай-ақ Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне мерекелік медаль табыстады. Ақшаны осы медаль үшін жинады дейді ардагерлер.

Түркменстандағы Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің мәртебесі «Халықты әлеуметтік қорғау» туралы кодексте заңды түрде бекітілген. Қазіргі таңда елде Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің  саны қанша екені белгісіз.