Аймақтар • 06 Мамыр, 2021

Жыл басынан бері COVID-19 жұқтырған 57 жүкті әйел дені сау сәби босанды

131 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен елорданың денсаулық сақтау мекемелерінің бас дәрігерлерімен кеңес өткізді. Кездесуде халықты жаппай вакцинациялау мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтына сілтема жасап.

Жыл басынан бері COVID-19 жұқтырған 57 жүкті әйел дені сау сәби босанды

Кеңеске қатысушылар қазіргі эпидемиологиялық жағдайды, медициналық мекемелерде дәрі-дәрмектердің, медициналық жабдықтардың болуын, сондай-ақ халықты КВИ-дан жаппай вакцинациялау жұмыстарын талқылады.

«Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті СОО-лардағы мобильді орталықта жүргізіліп жатқан жұмыстан хабардар етті. Екпе алғысы келетіндер қатары 1,5 есеге артты. Дәрігерлер науқастарды емдеу жолында басынан кешкен оқиғаларын әңгімеледі. Жақында КВИ-мен ауыр күйде түсіп, өкпесі 99% зақымданған жүкті науқас емделіп, №2 көпсалалы қалалық ауруханадан шығарылды, жүрек жетіспеушілігі және басқа да ауруы бар науқастар емделіп, бұрынғы өміріне қайта оралды. Жыл басынан бері COVID-19 жұқтырған 57 жүкті әйел дені сау сәби босанды», деді Бақтияр Мәкен.

Қала әкімінің орынбасары COVID-19-ға қарсы күрес бойынша жұмысты жалғастыруды, тұрғындар арасында вакцинациялау бойынша ақпараттық-түсіндіру жүргізуді, халықты вакцинациялауға жазу бойынша call-орталықтардың жұмысын күшейтуді, кадрлар мәселелерін бақылауға алуды, сондай-ақ медицина мекемелерінде дәрі-дәрмектердің бар-жоғына күн сайын мониторинг жүргізуді тапсырды.