Аймақтар • 06 Мамыр, 2021

Сенаторлар Маңғыстауда инфрақұрылымдық жобалардың іске асу барысымен танысты

144 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенат депутаттары Сүйіндік Алдашев пен Бақтыбай Шелпеков Маңғыстау облысының Түпқараған ауданындағы инфрақұрылымдық жобаларды іске асу барысымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сенаторлар Маңғыстауда инфрақұрылымдық жобалардың іске асу барысымен танысты

Сенат депутаттары сапар аясында «Жаңа Кетік» тұрғын үй алабында осы жылдың соңына пайдалануға берілетін жол құрылысының жұмысына куә болды. Бұл жобаның маңыздылығын ескере отырып, сенаторлар автожол құрылысын салушыларды жұмысты сапалы жасауға және оны уақытында аяқтауға шақырды.

«Қазіргі кезде автомобиль жолдарының сапасына қандай көңіл бөлінетінін көріп отырсыз. Бұл мәселені Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қатаң бақылауға алды. Мұнда құрылыс қарқыны жақсы. Оны сақтай отырып, автожолды уақытында пайдалануға беру аса маңызды. Бұл жергілікті тұрғындардың өмірін айтарлықтай жеңілдетеді», деді Бақтыбай Шелпеков.

Сонымен қатар сенаторлар бірқатар инфрақұрылымдық нысандарды аралады. Олардың қатарында тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ететін  су тұщытатын қондырғы бар, сондай-ақ «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында жөндеуден өткен жағалау бар.