Аймақтар • 06 Мамыр, 2021

Мереке қарсаңында марапатталды

531 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылордада облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың қатысуымен 7 мамыр – Отан қорғаушы күніне орай салтанатты жиын өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мереке қарсаңында марапатталды

Жиында аймақ басшысы өңірдегі Қарулы Күштер, қорғаныс істері саласының әскери азаматтарына «Алғыс хат» табыстады.

«Отан қорғау – күн сайынғы ерлік екенін ескеретін болсақ, қорғаушыларымыздың арқасында биыл Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығын атап өтеміз. Осыған орай, егеменді еліміздің отын сөндірмей, қорғаныс жүйесін бекем ұстауда жылдар бойы өз үлесін қосып келген азаматтарымызды марапаттайтын боламыз», деді облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова.

«Жұмылдыру және шұғыл жұмыстар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекеме басшысының орынбасары Бауыржан Садықов, Қызылорда облысының аумақтық қорғаныс бригадасының 99215 әскери бөлімінің командирі Керімбай Ойықбаев, облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің Жаңақорған аудандық бөлімі жасақтау бөлімшесінің бастығы Жасұлан Шанқұлов, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бөлім бастығы, майор Нұрбек Әбдірақынов, ҚР Қорғаныс министрлігінің 66597 әскери бөлімінің ефрейторы Шапағат Болатов, ҚР Ұлттық ұланының 5547 әскери бөлімінің батальон командирі, майор Жасұлан Беркенов бар.

Жиын соңында Қызылорда облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы, полковник Айдын Сағындықов көрсетілген құрметке алғысын жеткізіп, мерекемен құттықтады.